Венгрияның астанасы Будапешт қаласында дзюдодан айтулы дода өтті. Өкінішке қарай, біздің спортшыларымыз үшін бұл турнир сәтсіз аяқталды.

Қазақстандықтардың ішінен ең жақсы нәтижені бесінші орын алған Еркебұлан Қосаев көрсетті. Бұл «гран-приге» біздің 9 спортшымыз барды.

Енді біздің атлеттерге 29-30 маусым арасында Ливерпульде өтетін Құрлықаралық кубокқа дайындалатын бір аптасы қалды, деп хабарлайды sk-sport.kz.