Федерация кубогі» республикалық турнирінде маңызды оқиға орын алды. Жақын күндері Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданатын Оңтүстік Корея спортшысы Ким Бонг Су шықты татамиге. 
 
Оны біздің құрамадағы алғашқы легионер десек артық емес. Салмақ дәрежесі – 80 келі. Елішілік жарыстарда Астананың намысын қорғайды. Бүгін ол жанкүйерлер мен мамандарды ғана емес, барлық қарсыластарын да таң қалдырды. Қарсыластары жекпе-жек басталмай тұрып одан жеңілген еді. Шыны керек, біздің спортшылар Ким Бонг Суге оңай олжа болды. Оның керемет соққыларына төтеп бере алмай, жеңілуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, жаңа қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Әрине, бұл көңілім ізді түсірді. Егер қандай да бір мәселе болмай, Федерация Бонг Суға ел азаматтығын әперсе, бұл салмақта оны айналып өтетін спортшылар болмайды әзір. Әсіресе, Риодағы Олимпиада ойындарына дейін ешкімнің аталған кореялық спортшыдан озбасы анық. Екіншіден, бізге жай қатардағы спортшының емес, өте мықты таеквондошының келгені қуантады. Ол бүгін өз өнерін толық көрсетті. Керемет физикалық әлеуеті, аяғымен жылдам қимылдауы біздің балалар үшін үлкен шеберлік сабағы болғаны рас. Ал кейбір мамандардың айтқанына сүйенсек, Бонг Су «Федерация кубогінде» жеңу үшін көп күш жұмсаған екен. Енді халықаралық аренада да Қазақстан намысын тура осылай қорғаса жарар еді.
 
Мұстахим Қабдрышаев, таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
- Біз Ким Бонг Суды әдейі «Федерация Кубогі» додасына қосып отырмыз. Ертең жанкүйерлер: «Ол құрамаға спорттық қағидалар бойынша келген жоқ» деп айтпауы үшін. Оның үстіне, кореялық таеквондошы өзін өте жақсы қырынан көрсетті. Алтын жүлдені еңбекпен жеңіп алды. Біздің балалар қорқыныш пен қобалжуды жеңе алмай, ақыры ұтылып қалды. Тағы бір айта кетерлігі, бұл салмақта біздің үздік спортшыларымыз жоқ. Сондықтан, бәрінің кореялықтан ойсырай жеңілуі де заңды. Алайда, таза ұтылмай, мінез көрсетуге, жеңіске тырысуға болушы еді ғой...Қазір ҚазақстандаКим Бонг Суға тең келер ешкім жоқ. Бұл рас...
 
Арман Шылманов, Қазақстан таеквондо федерациясының спорттық директоры:
- Шеберлігің жоғары болса алтын жүлде аласың. Ким Бонг Су бірде бір кездесуінде өзімен дәрежесі тек спортшыны жолықтырған жоқ. Біздің балаларды оңай әрі бір деммен жеңіп шықты. 80 келі салмақ дәрежесіндегі біздің жігіттеріміз алысқа шаба алмай жүр. Сол себепті, кореялықты шақырдық елге. Соңы не боларын көреміз. Бір анығы, біз ол жігітті халықаралық жарыстарға қатыстырып, сынап көреміз.
 
confederation.kz