Ертең Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WTF таеквондодан «Федерация Кубогы» басталады.

Бүгін федерация басшылары журналистерге арналған баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының кубогі «Федерация кубогі» деп аталып, мәртебесі жоғарылай түсті. Турнир аясында Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы қолданысқа енгізген сегізбұрышты доянг пайдалануға беріледі. Аталмыш шара тамыздың 28-і мен 31-і аралығында өтетін әлемдік Гран-При сериясына дайындық ретінде ұйымдастырылады.Қазақстан WTF таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким:- Біздің федерацияда үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жарыста бірінші орын алған спортшылар ұлттық құрамаға ілінеді. Негізгі мақсатымыз еліміздің құрамасын жаңарту. Себебі өздеріңіз білесіздер алда талай әлемдік деңгейдегі додалар бар. Жүлделі орындарға іліну үшін талай тер төгу қажет. Сондықтан біз Оңтүстік Кореяның ең мықты бапкері Ву мырзаға құраманы дайындауды тапсырдық. Федерация кубогында жалпы 16 командадан 250-ден астам споршы өзара мықтыны анықтайды. Республикалық турнирге 17 жастан асқан спортшылар бақ сынайды. Сонымен қатар аталмыш жарыста легионерлерде қатысып, ұлттық құрамаға іліну үшін барын салады. Тағы бір жағымды жаңалық, Түркияда туып өскен қандасымыз Жансауле Дениз бұдан былай 73 келі салмақта Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Ерлер құрамасы да легионермен толықты. 80 келіде Корей елінің тумасы Ким Вон Су көк байрақты алып шығады. Федерация басшылары легионерлер ұлттық құраманы күшейтіп, бәсекелестікті арттырады деп түсіндірді мұны. WTF таеквондодан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мұстахим Қабдашев: - Қазіргі таңда елімізде 11 мыңнан астам балалар мен жастар таеквондомен айналысып жатыр екен. Таеквондо федерациясы жеткіншектер спортын дамыту үшін Қазақстанға шығыс спорт түрін алып келген Мұстафа Өзтүрік атындағы 6 кәсіби спорт клубтарын іске қоспақшы. Осындай клубтардың бірі Астана қаласында балаларға есігін ашты.

Естеріңізге сала кетсек, «Федерация Кубогы» маусымның 11-і мен 14-і аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.