Қазақстандық «Алаш Прайд» клубының өкілі Аңсаған Құсайынов бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы «Алаш Прайдтың» «ВКонтакте» желісіндегі ресми парақшасы хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, бұл дода 17-18 сәуір аралығында Біріккен Араб Эмираттарында өткен болатын.

Ең қызығы, Құсайынов екі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті — 76 келіге дейін және абсолютті (салмақ шектеуінсіз). Алайда жоғарыда айтылған салмақтар бойынша Аңсағанға қарсылас шақ келмеді. Қазақстандық спортшы барлық кездесуінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.