Санкт-Петербург қаласында жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогының кезекті бөлігі аяқталды. Екінші күн де Қазақстанға жүлде алып келген жоқ.

Үздіктердің арасында табылуға жақын болған 100 келі салмақта өнер көрсеткен Михаил Раков жұбаныш кездесуінде Қырғызстаннан келген Болот Токтогоновқа жол беріп, жетінші орынды місе тұтты.

Раковтан басқа татамиге Саламат Жұрқабаев (81 келіге дейін), Темірлан Көлбай, Мақсат Исағабілов и Самат Есен (90 келіге дейін), Нұрым Сәлімгереев (100 келіге дейін), Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) шықты.

Ал екінші күннің жүлдесіне ие болғандар:

Жігіттер

81 келіге дейін

1. Михаил Игольников (Ресей)

2. Франк де Вит (Нидерланды)

3. Салим Мараев (Ресей)

3. Папе Дуду Н'Диайе (Франция)

 

90 келіге дейін

1. Михаэль Коррел (Нидерланды)

2. Такао Омачи (Жапония)

3. Давид Оганисян (Ресей)

3. Давид Текич (Германия)

 

100 келіге дейін

1. Нияз Ильясов (Ресей)

2. Рютаро Гото (Жапония)

3. Рамазан Малсуйгенов (Ресей)

3. Бико Вос (Нидерланды)

7. Михаил Раков (Қазақстан)

 

100 келіден жоғары

1. Эмре Санал (Франция)

2. Сергей Зверев (Украина)

3. Тамерлан Башаев (Ресей)

3. Артем Панин (Ресей)

 

Қыздар

63 келіге дейін

1. Нами Набекура (Жапония)

2. Ирис Ивема (Нидерланды)

3. Диана Джигарос (Ресей)

3. Михо Минеи (Жапония)

 

70 келіге дейін

1. Лиза Санне ван Дийке (Нидерланды)

2. Эрина Ике (Жапония)

3. Эвелин Берндсен (Нидерланды)

3. Мари-Эва Гаи (Франция)

 

78 келіге дейін

1. Мию Хама (Жапония)

2. Екатерина Иноземцева (Ресей)

3. Сама Ава Камара (Франция)

3. Валентин Маршан (Франция)

 

78 келіден жоғары

1. Марин Эрб (Франция)

2. Ивана Сутало (Хорватия)

3. Анастасия Сапсай (Украина)

3. Кларисса Таубе (Германия)