Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, 9 маусым күні Головкин - Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен Әли Ахмедов америкалық Маркус Макдэниэлді үшінші раундта жеңіп, екінші орта салмақтағы WBC International белбеуін жеңіп алған еді.