Қазақстандық боксшы Сағадат Рақманқұл (5-1, 3 КО) Мексиканың Тиxуана қаласында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

6 раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Рақманқұл 29 жастағы мексикалық боксшы Даниэль Армандоны нокаутқа түсірді. Бұл Сағадаттың кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі.

Айта кетейік, Сағадат Рақманқұл осының алдындағы жекпе-жегін 16 наурыз күні Голливудта өткізіп, америкалық Брэндан Адамсты жеңген болатын.