Грек-рим күресінен әлем және еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың анасы Тұрлыxанова Марзия Айтбайқызы дүниеден өтті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тұрлыxанова Марзия Айтбайқызы 80 жасқа шыққан шағында 15 маусымда қайтыс болды.

Prosports.kz ұжымы Марзия Айтбайқызының отбасына және даңқты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа көңіл айтады.

Қоштасу-жерлеу рəсімі 17 маусымда сағат 10.00-де Алматы қаласы, Абай данғылы 48 А , Достық спорт сарайында өтеді.