15 маусым күні елорда уақыты бойынша таңғы сағат 06:30-да Бразилияда Америка кубогы басталады. Дәлірек айтқанда Оңтүстік Америка кубогы. Дегенмен, бір қызығы Азиядан аталмыш жарысқа екі команда шақырылыпты. Катар немесе Жапония Америка кубогында жеңіп кетсе, қалған Оңтүстік Америкалық он қатысушы ұжым ұяттан кіретін тесік таппайтын шығар.

Қиял ғой, әрине. Алаң қожайындары Бразилия, Месси бастаған Аргентина, Суарес пен Каваниі бар Уругвай тұрғанда азиялықтарға кубокты кім беріпті. Жапония мен Катар Азия құрлықтарының үздіктері болған, жарысқа қонақ ретінде шақырылып отыр.

Турнирге бар болғаны 12 команда ғана қатысады. Олар төрт-төрттен үш топқа бөлінген. Әр топтан алғашқы екі орынды иемденген командалар мен үшінші орынды алған екі үздік команда ширек финалға жолдама алады.

«A» тобы

Бразилия, Боливия, Венесуэла, Перу

«B» тобы

Аргентина, Колумбия, Парагвай, Катар

«С» тобы

Уругвай, Эквадор, Жапония, Чили