«ПСЖ» және Бразилия ұлттық құрамасының жұлдызы Неймар өзіңе тағылған айып жайлы сөз қозғады.

- Қолдау көрсеткенді үшін, жеке парақшама жазған жылы сөздері үшін барлығына алғысым шексіз. Мен сабырлымын. Ерте ме, кеш пе әділдік орнайды. Түбі шындық белгілі болады. Тек, бұл істің тез аяқталғанын күтіп жүрмін деді - Неймар Lequipe.fr.-ке берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, 27 жастағы Неймарға қыз зорлады деген айып тағылған еді.