Әйгілі Boxing Kingdom Твиттер-аккаунты салмақ категорияcынан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады.

Алғашқы ондыққа отандасымыз Геннадий Головкин енбей қалды. Көштін басын мексикалық Сауль Альварес бастап тұр. Екінші орынға украиндық Василий Ломаченко жайғасқан. Үздік үштіктің қатарында жапон елінің азаматы Наоя Иноуэ да бар.

Boxing Kingdom ұсынған P4P рейтингісі:

1. Сауль Альварес2. Василий Ломаченко3. Наоя Иноуэ4. Теренс Кроуфорд5. Александр Усик 6. Эррол Спенс7. Донни Ньетес 8. Каллум Смит9. Тайсон Фьюри 10. Джош Тейлор