Forbes журналы 2019 жылы ең көп ақша алатынн спортшылар рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды inform.kz.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, 37 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әдеттегі рейтингіде 95-ші орын алса, осы тізімдегі егде атлеттер арасында сегізінші орын иеленді. Головкин биыл 25,5 млн доллар алды (23 млн - Стив Роллспен айқасқаны үшін, 2,5 млн - демеушілік келісімшарт). Ең көп ақы төленетін егде жастағы спортшылары тізімінде гольфшы Фил Микельсон көш бастап тұр. Оның жасы 48-де, ол 2019 жылы 48,4 миллион доллар табыс тапқан.