Бұл күндері Монғолияда спорттық гимнастикадан жастар арасындағы тұңғыш Азия кубогы өтіп жатыр.

Командалық жарыста спортшыларымыз топ жарды. Олег Чубенко, Эмиль Ахмеджанов, Роман Маменов және Асан Сәлімовтан құралған ұжым алтын медальға ие болды.

Екінші орын Тайбэй елінің гимнастарын бұйырса, үздік үштікті жарыс қожайындары түйіндеді.

Жастар арасындағы жарыс 16 маусым күні өз мәресіне жетеді. Ал 16-23 маусым аралығында спорттық гимнастикадан ересектер арасындағы турнир де Монғолияда өтеді деп жоспарланып отыр.