CIES Football Observatory порталы әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімін жариялады.

Зерттеушілер футболшының жасын, позициясын, клубтағы және ұлттық құрамадағы жетістіктерін ескере отырып тізімді жасаған. Ең қымбат футболшы деп «ПСЖ» және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе танылды. Ол екінші орындағы Мохаммед Салахтан 30 миллион еуроға қымбат.

Алтын доптың бес мәрте иегерлері Лионель Месси төртінші орынды місе тұтса, Криштиану Роналду алғашқы ондыққа енбей қалды.

Топ-10 1. Килиан Мбаппе («ПСЖ») – 252,2 млн евро2. Мохамед Салах («Ливерпуль») – 219,6 млн евро3. Рахим Стерлинг («Манчестер Сити») – 207,9 млн евро4. Лионель Месси («Барселона») – 167,4 млн евро5. Джейдон Санчо («Боруссия» Д) – 159,4 млн евро6. Садио Мане («Ливерпуль») – 157,8 млн евро7. Гарри Кейн («Тоттенхэм») – 155,2 млн евро8. Роберто Фирмино («Ливерпуль») – 144,2 млн евро9. Антуан Гризманн («Атлетико») – 143,8 млн евро10. Лерой Сане («Манчестер Сити») – 137,1 млн евро