«Реал Мадрид» жартылай қорғаушы Хамес Родригесті «Наполи» командасына сатуға қарсы емес, деп жазады Prosports.kz.

«Корольдік клуб» 27 жастағы ойыншыны 55 миллион еуроға бағалап отыр. Алайда италиялық клуб бұл бағаға келіспейді. Олар Хаместі жалға алғысы келеді, немесе бағасын төмендетуді көздейді.

«Наполи» президенті Аурелио Де Лоурантистің пікірінше, Хамес «Реалді» бағаны төмендетуге көндіре алады.