Конго ДР құрамасы 2019 жылғы Африка ұлттары кубогына қатысатын құрамын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімге қазақстандық «Астана» командасында доп тебетін шабуылшы Жуниор Кабананга шақырылмады.

Айта кетейік, 2017 жылы өтен Африка кубогында Кабананга 3 гол соғып, турнирдің ең үздік сұрмергені атанған. Сонымен қатар чемпионаттың үздіктер құрамасына (символдық құрам) енген.