Алматыда бокстан Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.

Студенттер арасындағы айтулы жарыс биыл 19-рет ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов, бокс ардагерлері – Болат Сағындықов, Серік Әбденәлиев, Борис Цхвирашвили, Эдуард Габдулов, Хамит Бараев, Дастан Сәдуақасов қатысып, қатысушыларға ақ жол тіледі.