«Спорт-Экспресс» журналисті Михаил Потапов бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Мурат Гассиевке (26-1, 19 КО) бапкер ауыстыруды ұсынды.Гассиевті 2014 жылдан бері Абель Санчес жаттықтырып келеді. 2018 жылы шілдеде ресейлік боксшы Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалындағы абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жекте украиналық Александр Усиктен жеңілді. Автордың ойынша, Гассиевке де GGG сияқты істеу керек. «Басқаша әрекет ету үшін Муратқа бапкер ауыстыру қажет. Абель Санчес - еңбегі сіңген коуч, бірақ, соңғы бір-екі жылда оның жаттықтыратын боксшылары бірсарында жұдырықтасатынын аңғардық», - деп жазды Потапов.