Францияның ПСЖ клубынан кеткен қақпашы Джанлуиджи Буффон мансабын Португалияда жалғастыруы мүмкін.
«Порту» клубының басшылары тәжірибелі Буффонды мансабын аяқтаған Икер Касильястың орнына алуды қарастырып отыр.
Бұған дейін Буффонға «Барселонадан», А Сериясына қайта оралған «Брешии» және «Лацио», «Дженоа» командаларынан ұсыныс түскен.
Айта кетейік, биыл италиялық қақпашы ПСЖ-ның сапында 25 матчқа қатысып, 25 гол жіберіп, Франция чемпионатының жеңімпазы атанды.
Комментарии