«Ювентус» испандық маманға ресми ұсыныс жасап көрген екен.

Eurosport телеарнасының хабарлауынша, итальяндық «Ювентус» «Манчестер Ситидің» қазіргі таңдағы бас бапкері Пеп Гвардиолға жылына 20 миллион жалақы ұсынып, команда тізгінін ұстауға шақырған екен. Алайда, Пеп бұл ұсыныстан бас тартқан.

Үш жылдан бері манчестерлік клубты баптап жүрген Пеп Гвардиола команданы Чемпиондар лигасының шыңына шығармай басқа клубқа өз еркіммен ауыспаймын деп түбегейлік шешкен.

Былтыр «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының ширек финалында сүрінген еді.