Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің 4-турының үздік футболшысы мәртебесіне Бауыржан Исламхан ие болды.

Сан-Мариномен болған матч қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан 10 ұпайға ие болды. Екінші орында Словения шабуылшысы Йосип Иличич иеленді.

4-турдың үздік командасына Гафуржан Сүйімбаев та кірді. «Қайраттың» қорғаушысы Германия ұлттық құрамасының жұлдызы Марко Ройспен үшінші орынды бөлісіп тұр.