2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтіп жатқан Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы матчқа 18 мыңнан астам көрермен келген.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-Арена» стадионында өтіп жатқан кездесуге ұлттық құраманы қолдау үшін 18 652 жанкүйер келген.

Екі команда алдыңғы тур ойынында қонақта жеңіліс тапқан болатын. Қазақстан құрамасы Бельгияға (0:3) есе жіберсе, ал Сан-Марино командасы ресейліктерден 0:9 есебімен ойсырай ұтылды.