Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылатын күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар Лигасының алдын ала және негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі 4 шілдеде Ньон қаласында өтеді.

Айта кетейік, чемпиондар Лигасының алдын ала іріктеу кезеңінің матчтары 2019 жылдың 27 тамызынан 1 қыркүйегіне дейін, ал негізгі кезеңінің ойындары 2019 жылдың 8-13 қазан аралығында өтеді.

Ел чемпионы «Қайрат» футзал клубы турнирді негізгі кезеңнен бастайды.