Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Игита екінші мәрте Қазақстанның үздік қақпашысы атанды.

Алғаш рет Игита 2010 жылы «Тұлпардың» сапында жүргенде үздік болған. Ал 2013-2018 жылдар аралығында бұл номинация ойнатылмаған.

Айта кетейік, Игита Алматыда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық кезеңінің үздік ойыншысы деп танылған еді.