Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Пенгрин «Эрем» командасының сапында Қырғызстан чемпионы атанды.

Қарағанды ​​футзалының 34 жастағы тәрбиеленушісі Пенгрин Қырғызстанның «Эрем» командасына биыл ауысқан. Ол қазіргі командасында 12 матчқа қатысып, 6 гол соқты.

Айта кетейік, Пенгрин бұған дейін «Тұлпар», «Шахтер», «Қайрат» және «Жетісу» командаларында өнер көрсеткен.