Андрей Голубев Shymkent Challenger турнирінің екінші айналымына еш қиындықсыз өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші кезеңде қазақстандық теннисші қытай Ву Диді екі сетте – 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Келесі айналымда Голубев канадалық спортшы Стивен Диаспен сынға түседі.