Шымкентте халықаралық «Shymkent ATP Challenger» теннис турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан теннис федерациясы мен Халықаралық теннис федерациясы бірлесе ұйымдастырған жарысқа қатысу үшін 25-тен астам елден 100-ге жуық кәсіпқой ойыншы тапсырыс берді.

Жүлде қоры - 50 мың АҚШ доллары.