Санкт-Петербургте өткен аралас жекпе-жектен турнир соңы төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жекпе-жек 29 мамырда өтті. Алайда бейнежазба HYPE NEWS YouTube-каналына бір аптадан кейін жүктелді.

Жеңілген файтердің секунданты төрешіге бас салған. Алайда ұйымдастырушылар мен ресейлік аралас жекпе-жек шебері Марат Балаев жаппай төбелестің алдын алды.