7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінің барлық билеттері екі күнде сатылып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Төбелес кешінің басты кездесуі Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье арасында өтеді.

UFC-дің жеңіл салмағында чемпион атағы бар Хабиб Нурмагомедов (27-0) өз титулын Дастина Порьеге (25-5, 1 NC) қарсы жекпе-жекте қорғайды.

7 қыркүйек күнгі кешке Хабиб және Порьемен қатар, Майрбек Тайсумов, Зубайра Тухугов және Абубакар Нурмагомедов те қатысады.