Танымал спортшы Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі телеграм арқылы хабарлады.

Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, суға секіру бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Мадридте дауыс берді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда барлығы 7 кандидат Мемлекет басшысы лауазымына сайлану үшін өзара бақ сынасуда.