Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТанымал спортшы Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі телеграм арқылы хабарлады.
Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, суға секіру бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Мадридте дауыс берді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда барлығы 7 кандидат Мемлекет басшысы лауазымына сайлану үшін өзара бақ сынасуда.