28-30 наурыз күндері Түркияның Самсун қаласында дзюдодан кезекті Гран-при бәсекесі өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Имамбеков Самсундегі дзюдошылар додасына қатысатын спортшыларды атады.

Байрақты бәсекеде ел намысын 60 келіде Елдос Сметов пен Асхат Тельманов қорғайды, 73 келі салмақта Дастан Ықыбаев, Ертуған Төренов, 81 келіде Әзиз Қалқаманұлы, Әділет Мисин, 90 келі салмақта Тимур Болат және аса ауыр салмақта Ержан Шынкеев пен Руслан Әбдіразақов өнер көрсетеді.