Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңына келді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Головкин көрермен қолпаштауымен MSG алаңына шықты. GGG бірер сағаттан кейін канадалық Стив Роллспен айқасқа түседі.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясын QazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Головкин рингке, шамамен, 9:00-де шығады.