Madison Square Gаrden алаңында өтіп жатқан Головкин – Роллс кездесуінің андекардында өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Головкин – Роллс кездесуінің андекардында өнер көрсеткен қазақстандық Әли Ахмедов чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасты. Оның қарсыласы америкалық Маркус Макдэниэл болды.

Үшінші раундта нокдаунға түсіп қалған америкалық боксшы боксты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Маркус Макдэниэл карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшарады.

Жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBC International белбеуі сарапқа салынды.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін 15 рет жеңіске жетсе, оның 11-ін уақытынан бұрын ұтқан.