Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегі алдында қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне арнап бейеролик жариялады.

Спортшы бейнероликте «Мен - қазақпын» атты Жұбан Молдағалиевтің белгілі поэмасынан үзінді оқиды. Патриоттық рухқа толы бұл видеоны GGG өз инстаграм парақшасына жүктеген.

Видеоның астына: «Жерлестеріме қолдау көрсеткені үшін рахмет! Мен туған жерімді ешқашан ұмытпаймын», - деп жазба қалдырды Головкин.