Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы піеірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Күте тұрсын. «Канело» - бұл жекпе-жекте А тарабы, Головкин – В. Келесі аптада мен Алвьареспен кездесіп, алдағы мәселелерді шешеміз. Үшінші жекпе-жекте «Канело» оны нокаутқа түсіреді деп ойлаймын», - деді Де Ла Хойя TMZ Sports-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, 9 маусымда таңда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады. Кездесуді Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жекпе-жек, шамамен, астана уақытымен 09:00-де басталады.