Францияның ПСЖ клубынан кеткен қақпашы Джанлуиджи Буффон мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін.

«Барселона» клубының басшылары тәжірибелі Буффонды Тер Штегенге көмектесетін қосалқы қақпашы ретінде қарастырып отыр.

Бұған дейін Буффонға А Сериясына қайта оралған «Брешии» және «Лацио», «Дженоа» командаларынан ұсыныс түскен.

Айта кетейік, биыл италиялық қақпашы ПСЖ-ның сапында 25 матчқа қатысып, 25 гол жіберіп, Франция чемпионатының жеңімпазы атанды.