Португалияда Голландия мен Англия арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалдық матчы аяқталды.

Матч голландиялықтардың пайдасына 3:1 есебімен шешілді. Ойынның негізі уақыты тең аяқталған. Қосымша уақытта Нидерланд ойыншылары қос доп соғып, жеңіске жетті.

Финалда Голландия мен Португалия құрамалары кездеседі. Ал үшінші орынға Швейцария мен Англия ұжымдары таласады.