Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) келесі жекпе-жегін канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10КО) қарсы өткізеді. Prosports.kz сайты сіздерді GGG-дің қарсыласымен таныстырады.

Стив Роллс Канаданың Чатем деген елді мекенінде өмірге келген. Қазір ол Торонто қаласында тұрады. Жекпе-жегіне дайындықты Томии Ховаттың қол астында жасайды. Роллс өз елінде әуесқой бокстан бірнеше мәрте чемпион атанған, ал кәсіпқойға ауысқалы бері бірде-бір рет жеңілістің дәмін татпаған. Ал жақында орта салмақтағы екінші чемпиондық белбеуін - USBA-ді жеңіп алды. Бұған дейін аймақтық NABF Junior белбеуінің иегері болған еді.

Бір қызығы Роллс бұған дейін 12 раундтан тұратын жекпе-жек өткізіп көрмеген. Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте бірінші рет 12 раундқа шыдап көрмек. Неге қызық дейсіз ғой? Өйткені Стив жуырда 35-ке толды. GGG бұл жасында орта салмақта қарсылас шақ келтірмей, әлемнің үздік боксшыларының қатарында болатын. Ал енді салыстырып көріңіз...