Щучинск қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің кезекті отырсы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Осы кезеңесте қабылданған шешімдердің бірі, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңестің төрағасы болып сайланды.

Даңқты боксшы, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы қызметті жалғасты атқара береді.

Айта кетейік, ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңес төрағасының мерзімі - бір жыл. Кеңестің келесі отырысы 2020 жылы Татарстан республикасында өтеді. Сол жерде кеңестің жаңа төрағасы сайланады.