Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Алматыда өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз үшінші айналымда ресейлік Евгений Карловскийді 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Келесі кезеңде ол аргентиналық Федерико Корией мен кездеседі.

Айта кетейік, Алматыдағы бұл турнирдің ширек финалына қазақстандық теннисшілерден тек Недовесов ғана өте алды.