Александр Недовесов Алматыда ширек финалға шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Александр Недовесов Алматыда өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз үшінші айналымда ресейлік Евгений Карловскийді 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Келесі кезеңде ол аргентиналық Федерико Корией мен кездеседі.
Айта кетейік, Алматыдағы бұл турнирдің ширек финалына қазақстандық теннисшілерден тек Недовесов ғана өте алды.