2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгия және Сан-Мариномен өтетін ойындарға шақырту алған Александр Меркель ұлттық құраманың сапына қосылған жоқ.

Алматы маңындағы Талғар қаласындағы базада дайындығын пысықтап жатқан Қазақстан құрамасының сапында голландиялық «Хераклес» клубының ойыншысы Александр Меркель жоқ. Бұған дейін футболшының ауырып қалғаны белгілі болған еді.

Айта кетейік, Александр Меркель Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде үш матч өткізіп үлгерген.