Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) өзінің қарсыласы канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) ашық жаттығу өткізді.

Бокс шеберлерінің ашық жаттығуы атақты Madison Square Garden кешенің жанында, ашық аспан астында өтті. Дәл осы арена 9 маусым күнгі кездесуді қабылдайды.