WBA Super, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа өзінен осы белбеулерді тартып алған Энди Руистан кек қайтарғысы келетінін байқатты.

Бұл ақпаратпен Джоуаның промоутері Эдди Хирн өзінің твиттер парақшасында бөлісті:

- Энтони Джошуа және оның бапкері Роб МакКракенмен, сонымен қатар менеджерлерден құралған командамен Нью-Йоркте кездесу өткіздік. Руисқа қарсы реваншты жекпе-жек қараша немесе желтоқсан айында болады деп шештік. Өтетін орны кейін мәлім болады.

Айта кетейік, алғашқы жекпе-жек алдындағы келісім-шартта жеңілген тарап 30 күн ішінде реваншты кездесу өткізуге ұсыныс білдіруге құқылы болған.