Құрлықтық хоккей лигасы өзінің ресми сайтында бұрынғы клубынан жаңа келісімшарттар қабылдамаған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Еркін агент атанғандар тізіміне астаналық «Барыстың» бес хоккейшісі енді: қақпашы Сергей Кудрявцев, канадалық қорғаушы Джесси Блэкер және шабуылшылар Дмитрий Гурков, Ярослав Евдокимов пен Кирилл Панюков.

Хоккейшілер әзірше жаңа клубқа ауысқан жоқ.