Елордалық «Барыстың» және ұлттық құраманың қорғаушысы Даррен Диц Қазақстанның үздік хоккейшісі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Елдің үздік хоккейшісін анықтау шарасы 28-ші мәрте өткізілді.

Даррен Дицтің клубтық әріптесі Никита Михайлис екінші орынға тұрақтаса, «Барыспен» жақын арада келісімге келген Леонид Метальников үшінші орыннан бой көрсетті.