Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жектен кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«DAZN-мен келісімшартым алты жекпе-жекке есептелген, оған өте қуаныштымын. Роллспен ешқандай мәселе туындамаса, келесі жекпе-жегін қыркүйекте өтеді. Альвареспен де қиындық болмаса, желтоқсанда жұдырықтасқым келеді. Тұрақты түрде рингке шыққым келеді – бұл менің стилім. Мен – ескі мектептің боксшысымын, ал олар жылына екі рет емес, көп жұдырықтасты. Бұл маған арналмаған. Жылына үш немесе төрт рет жұдырықтасқым келеді. Чемпион болмақпын», - деді Головки.

Головкин мен Роллс жекпе-жегі 9 маусымда Нью-Йоркте қолғап түйістіреді.

Артынша, GGG 14 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жұдырықтасады деп күтілуде.