Қостанай қаласында бокс орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Гашек көшесіндегі картинг-орталық базасында Қостанай облыстық Бокс федерациясының отырысы өтті. Шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, федерацияның атқарушы комитетінің және жаттықтырушы-оқытушылық құрамы қатысты.

«Қостанай қаласында бокс спортын дамыту үшін кешенді шаралар қолға алынбақ. Солардың бірі - биыл қаладағы картинг-орталық базасында бокс орталығын құру жоспарланып отыр. Мұнда өңірдегі жасөспірімдер де, осы спортпен шұғылданып жүрген былғары қолғап иелері де жаттығып, жарыстарға қатыстырылады», - делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында.