«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны өз қатарына қосу үшін мадридтік «Реал» барын салады.

Француз футболшысы үшін «Реал» «қызыл сойқандарға» төрт футболшысын ұсынып көрмек. Олар: Кейлор Навас, Тео Эрнандес, Гарет Бэйл және Хамес Родригес.

Әлемдегі ең қымбат футболшыларды бірі Гарет Бэйлға үміт артпайтынын Зинедин Зидан ашық айтқан еді. Навас команданың Чемпиондар лигасында үш рет жеңіске жетуіне үлес қосқанымен, басшылық Тибо Куртуаға сенім артқысы келеді. Ал, Хамес Родригес пен Тео Эрнандес өткен маусым да өзге клубтарда жалда өнер көрсетті.